конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Министр Спорт күнімен құттықтады

Министр Спорт күнімен құттықтады

Спорт 15.08.2021, 14:33 1,631
Министр Спорт күнімен құттықтады
сурет: Abai.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында отандастарын Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Құрметті достар! Ардақты ағайын! Сіздерді тамыздың үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесімен ізгі ниетпен құттықтаймын! Бұл мереке елімізде 2003 жылы 15 қарашадағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сəйкес атап өтілуде. Спорт – денсаулық кепілі. Кемесін алысқа бағыттап бара жатқан мемлекетіміз бұл байлықты көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға шекарасын шегендеген кезден бастап ерекше зейін қойып келеді. Ел тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағытының бірі», - деді министр.



Министрдің сөзінше, Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламаны қолға алып, арнайы заң жобаларына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр.



«Біз денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған халықтың ұрпағымыз. Бүгінде «шынықсаң – шымыр боласың», деген өнегелі сөзді есте ұстап, спортты күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып үлгерген азаматтарымыздың қатары артып келе жатқаны қуантады. Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламаны қолға алып, арнайы заң жобаларына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, бәріңізді спорт атты сиқырдың соңынан еріп, әлемдік қозғалыстың қатарына қосылуға шақырғым келеді. Дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын кәсіпқой спортшыларымызға мұқалмас ерік-жігер мен таусылмас күш-қуат тілеймін. Лайым отандастарымыздың асығы алшысынан түсіп, көк туымыз биікте желбірей берсін. Әрдайым халқымыздың дені сау, ойы сергек болсын!», - деді Райымқұлова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #денсаулық #шымыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);