AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мезгіл таңдамай барлық бала күнделікті ішуі керек...

Мезгіл таңдамай барлық бала күнделікті ішуі керек базалық витаминдер қандай?

Керек кеңес 24.11.2023, 07:31 2,266
Мезгіл таңдамай барлық бала күнделікті ішуі керек базалық витаминдер қандай?
Сурет: Good-tabs.ru




Бала ағзасын дәруменмен демеп, әл-дәрменін арттыру үшін оны тұрақты, уақтылы берудің маңызы зор. Бойында организмге қажетті элементтер құрамы толық балалардың қуаты мол, сергек әрі мығым болады. 











Дәрумендер – тағамдағы химиялық қосылыс. Олардың өсуге, дамуға, зат алмасуға және энергияның толығуына өмірлік маңызы зор. Олар өте аз мөлшерде қажет болғандықтан миллиграммен (мг) немесе микрограммен (мкг) өлшенеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Балалардың денсаулығы, әсіресе, қыс айларында әлсіреуі мүмкін. Ауа температурасының салқындауы салдарынан ата-аналар балаларды таза ауада серуендетуді сиретіп не тыйып тастайды. 


Суық «соққыдан» бала иммунитеті төмендеп, аурушаң болмас үшін дәрігер Әзиза Әбдірасілқызы жыл бойы жалғап ішу керек базалық дәрумендер тізімін бөлісті.


«Мезгіл таңдамай барлық бала күнделікті ішуі керек базалық витаминдер бар. Олар:


- Дз;


- омега 3;


- йод;


- лецитин;


- магний», деді дәрігер.


Қыста баланы таза ауаға шығаруды тыймау керек. Тек салқын ауа райында дұрыс киіндіру тәртібін білген абзал.



«Қыста үйлерде жылу қосылып тұрғаннан, ауа құрғап кетеді. Сондықтан бөлме ішін желдетіп, ауа алмастырып отыру шарт. Бұл қатарда баланы қыс мезгілінде де таза ауада серуендетудің маңызы зор. Тек мына киіндіру тәртібін есте сақтаңыз. Қыс мезгілінде балаңыз тоңып қалмауы үшін немесе керісінше терлеп кетпеуі үшін өзіңізден бір киімге артық киіндіріңіз. Сол кезде балаға қолайлы температура болмақ»,- деді дәрігер.



Дәрігерден екпеден есі кетіп қорқудың қаншалықты дұрыс екенін де жауап берді. Тұмауға қарсы екпе алу шарт па?



«Кез келген екпе профилактикалық мақсатта, яғни аурудың алдын алу үшін егіледі. Бірақ екпе алған бала мүлдем ауырмайды деген сөз емес. Екпе алған бала да ауырады бірақ екпе алмаған балаға қарағанда ауру процесі жеңіл өтуі мүмкін. Ең бастысы, екпені баланы жан-жақты тексерістен өткізіп, денсаулық жағдайының дұрыстығына 100 пайыз көз жеткізіп салған дұрыс», - дейді ол.



 






Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрумендер #балалар #маман кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);