AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Мерекеге орай кәсіпкерлер 150 балаға сый жасады

Мерекеге орай кәсіпкерлер 150 балаға сый жасады

Алматы 01.06.2026, 15:51 302
Мерекеге орай кәсіпкерлер 150 балаға сый жасады
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Балалардың күлкісі мен қуанышы – қоғамның жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және мерекелік көңіл-күй сыйлау – қайырымдылықтың ең ізгі көріністерінің бірі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында «Бақытты бала – баянды болашақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға арналған тағылымды әрі көңілді шараға кітапхана оқырмандары мен олардың ата-аналары қатысып, ерекше әсер алды.

Мерекелік жиын барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, өнерпаз жастар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар жас оқырмандар қызықты кездесулерге қатысып, түрлі сыйлықтарға ие болды.

Шараның басты ерекшелігі – қайырымдылық акциясы болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатының иегері Зәмзәгүл Асанова және психология магистрі, қоғам қайраткері, «Шайзада» демалыс үйінің негізін қалаушы Аширбекова Дана Қыздарбекқызы балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Олар мерекеге келген 150 балаға арнайы сыйлықтар табыстап, бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі ұялатты.

Қайырымдылық – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, ол қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Балаларға көңіл бөліп, олардың қуанышына ортақтасу арқылы демеушілер өскелең ұрпаққа қамқорлықтың маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Мұндай игі бастамалар қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, азаматтарды қайырымдылық жасауға ынталандырады. Себебі әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық. Ал балалардың қуанышы мен жарқын күлкісі – жасалған жақсылықтың ең үлкен сыйы.

Ұйымдастырушылар мерекенің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен барлық қонақтар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, балалар игілігіне бағытталған осындай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайырымдылық #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);