ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мереке Құлкенов: «Ұттық құрылтай халық пен билік а...

Мереке Құлкенов: «Ұттық құрылтай халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды»

Әлеумет 18.03.2025, 15:15 631
Мереке Құлкенов: «Ұттық құрылтай халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды»
kazislam.kz
Кешегі өткен Ұлттық құрылтайда елдің бүгіні мен болашағына тікелей қатысты, кезек күттірмейтін, шын мәнінде жалпыұлттық маңызы бар мәселелер талқыланды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт...

Кешегі өткен Ұлттық құрылтайда елдің бүгіні мен болашағына тікелей қатысты, кезек күттірмейтін, шын мәнінде жалпыұлттық маңызы бар мәселелер талқыланды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт бірлігін сақтау, экономиканы заман талаптарына сай дамыту, идеологиялық жұмысты жандандыру сияқты күрделі мәселелерге ерекше мән бергеніне баршамыз куә болдық.

Саяси тұрғыдан алғанда, қоғамдағы татулық пен бірлік – реформалардың табысты жүзеге асуының кепілі. Ұлттық құрылтайдың мақсаты да осы – халықтың көкейіндегі мәселелерді ашық айтып, оның шешу жолдарын қарастыру. Президент ұсынған «алуан түрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидаты Ұлттық Құрылтайда өз көрінісін тапқаны – өмір шындығы. Кешегі жиында Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде өзім де сөз сөйлеп, рухани саланың көкейкесті мәселелеріне тоқталдым. Басқа да әріптестер өздеріне тиесілі салалар бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Экономиканың жетістіктерімен қатар онда талай жыл бойына шешімін таппай, қордаланып қалған проблемалар да ашық айтылды. Өзім тәнті болған бір жайт сол: экономикадағы күрмеуі қиын мәселелерге қатысты шешімдер популизмнен мүлдем ада, мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне сай қабылдануда. Қазіргі, қаржы тапшы кезеңде мемлекеттің инвестицияны білім, ғылым, денсаулық сақтау және көлік салаларына жұмсауы – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер деп ойлаймын. Әділетті салық жүйесін қалыптастыру – қоғамдағы табыс теңсіздігін азайтып, экономикамызды тұрақтандырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылатыны сөзсіз.

Ұлттық құрылтайда ұлтымыздың рухани өмірінің сан салалы мәселелері талқылануы жақсы дәстүрге айналып барады. Бұл жолғы жиында да әдебиет, мәдениет пен өнер тақырыбы кеңінен сөз болды. Және де Президентіміздің осы салалардағы жағдайдан, онда орын алып жатқан тенденциялар мен жеке оқиғалардан хабардар, мағлұматы мол екенін байқадық. Құрылтайда цифрландырудың ұлттық руханиятты ілгерілетудегі рөлі ерекше атап өтілді. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мәдени мұраны кеңінен насихаттау – заман талабы. Бұл бағытта әдебиет, өнер және тарихи жадыны цифрлық кеңістікке бейімдеу өте-мөте өзекті деп ойлаймын. Бұл шаруаға өз әріптестерімен бірлесе отырып, Жазушылар одағы да белсене араласпақ.

Президентіміз биыл атап өтілетін Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына жеке тоқталды. Осы датаға орай Жазушылар одағы да ауқымды жоспарларды жүзеге асырмақ. Соның бірі – ұлы ойшылдың туған күнін Қазақстанның барлық өңірінде бір мезетте, онлайн форматта атап өту. Мұндай кең ауқымды іс-шара тек мерекелік сипатқа ие емес, ол Абай әлеміне тағы бір рет терең бойлап, оның рухани мұрасын бүгінгі қоғаммен, жас ұрпақпен байланыстырудың жолы болмақ. Атап айтқанда, Махамбет, Жамбыл, Абай мерейтойлары осы жоба аясында атап өтілетін болады.

Қорыта айтсам, Ұлттық құрылтай бүгінде халық пен биліктің арасындағы ашық, жан-жақты да терең диалог алаңына айналды. Ендігі жерде осы биік мінбеде айтылып, талқыланып, қолдау тапқан идеялар мен бастамаларды жүзеге асыру баршамыздың – қоғамның, билік институттарының – мәртебелі міндеті деп санаймын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.