AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мереке күндері жұмыс істеу денсаулыққа зиян

Мереке күндері жұмыс істеу денсаулыққа зиян

Әлеумет 02.05.2025, 15:42 786 dulatbekova
Мереке күндері жұмыс істеу денсаулыққа зиян
Сурет: ЖИ

Мереке күндері жұмыс істеу адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты В.П. Сербский атындағы Ұлттық психиатрия және наркология ғылыми-зерттеу орталығының маманы Иван Розанов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Маманның айтуынша, мерекелер — адамның тынығуына, эмоциялық қалпын қалпына келтіруіне және жақындарымен қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Ал бұл күндері жұмыс істеу адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін әлсіретіп, күйзеліске қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

Розанов мерекенің тіпті соғыс кезінде де атап өтілетінін еске салып, қазіргі қоғамда бұл күндер гаджеттерден алыстап, ұйқыны қалпына келтіріп, сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай әрекеттер жүйке жүйесін тынықтырып, адамның жалпы психикалық жағдайын жақсартады.

Ғалымдар адамның өмірінде бірсарындылықтың (монотондықтың) жиі кездесетінін, ал ол өз кезегінде ұзақ мерзімді күйзеліске алып келуі мүмкін екенін айтады. Мереке күндері — осы бірсарындылықты бұзып, адамның өмірге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы.

Сондай-ақ мереке кезіндегі қуаныш пен жағымды эмоциялар ағзада серотонин мен дофамин сияқты «бақыт гормондарының» бөлінуіне ықпал етіп, мотивация мен өмірлік белсенділікті арттырады. Табиғат аясында, жақындармен бірге өткізілген уақыт ми қызметін жақсартып, зейінділікті күшейтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #мереке күндері #денсаулық #зияны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);