AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "Мен оның қызымын". Полицейлер зейнеткерді алдап с...

"Мен оның қызымын". Полицейлер зейнеткерді алдап соқпақ болған алаяқтарды әшкереледі

Заң мен тəртіп 15.01.2026, 11:12 563 Дина
"Мен оның қызымын". Полицейлер зейнеткерді алдап соқпақ болған алаяқтарды әшкереледі
Сурет: Polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер егде жастағы тұрғынды алаяқтардың арбауынан дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға облыстағы сауда орталықтарының бірінде болған. Полиция қызметкерлері телефонмен абыржып сөйлесіп тұрған зейнеткер әйелдің мінез-құлқына күмәнданып, жанына жақындаған. Тексеру барысында белгісіз біреулер оған қоңырау шалып, "тексеру жүргіземіз" деген сылтаумен SMS арқылы келген кодтарды айтуды талап еткені анықталды.

Алаяқтар әйелдің атына 5 миллион теңге несие рәсімдеуге әрекеттенген. Алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған. Сол ақшаны зейнеткер алаяқтарға аудармақ болған сәтте полицейлер араласып, жағдайды тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары қоңырау шалып тұрған адаммен байланысқа шыққанда, ол өзін Әсел деп таныстырып, әйелдің қызы екенін айтқанымен, анасының аты-жөні мен тегін дәл атай алмаған. Бұл алаяқтық әрекеттің барын айқындай түскен.

Полицияның қырағылығының арқасында 2 миллион теңге көлеміндегі шығынның алдын алды. Зейнеткерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың кең тараған тәсілдері айтылған.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері телефон арқылы SMS-код сұрамайтынын және ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #полиция #Жетісу облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);