ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Мен жастарға сенемін!»

«Мен жастарға сенемін!»

Әлеумет 26.11.2021, 13:38 1,759
«Мен жастарға сенемін!»
almaty-akshamy.kz
Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық патриот жастардың форумы өтті.

Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық патриот жастардың форумы өтті. 


Аталмыш  іс-шараның басты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту.
Форум жұмысына  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев, Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепел, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Бақыт Жағыпарұлы және форум жеңімпаздары мен студенттер қатысты.




 Университет ректоры Жансейіт Түймебаев барлық  форумға  қатысушыларды  құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
– Қазақстан – дарынды жастар мекені. Біздің елімізде жастардың алаңсыз оқып, білім алуына, шығармашылықпен айналысып, қалаған мамандық иесі атануына барлық жағдай жасалған. Қазақстанның болашағы ең алдымен сіздерге, сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін! – деді ол. 




Республикалық форумға еліміздің барлық өңірлерінен   2000-ға жуық жұмыс қабылданса, олардың  107-сі   марапат кешіне жолдама алып отыр. Биыл форумға қатысушылар эссе жазу, инновациялық жоба, көркем сөз оқу, бейнеролик дайындау, азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығарма жазу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба мен сурет өнері сияқты сегіз бағыт бойынша бақ сынасты.



Гала-концерт барысында әр номинация бойынша жеңіске жеткен гран-при иегерлеріне бір жылдық грант сертификаты табысталды. Сонымен қатар шарада бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері де марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.