ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Меморгандар мен ҮЕҰ Азаматтық және саяси құқықтар...

Меморгандар мен ҮЕҰ Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бойынша Қазақстан баяндамаларын талқылады

Саясат 23.06.2021, 16:15 2,474
Меморгандар мен ҮЕҰ Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бойынша Қазақстан баяндамаларын талқылады
Сурет:Gov.kz.
Меморгандар мен ҮЕҰ Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бойынша Қазақстан баяндамаларын талқылады

Меморгандар мен ҮЕҰ Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бойынша Қазақстан баяндамаларын талқылады


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының («АӨДА» ККО) кезекті онлайн-отырысы өтті.


Іс-шараға қазақстандық адам құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдары, Парламент депутаттары, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы, ҚР Адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, Жоғарғы сот, Конституциялық Кеңес, мүдделі министрліктердің,  сондай-ақ халықаралық серіктестер – БҰҰ Даму бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы, ЕҚЫҰ, Еуропа одағы, АҚШ-тың және Канаданың елшіліктері, ЮСАИД және «Халықаралық түрме реформасы» ҮЕҰ өкілдері қатысты.


Отырысты ашқан Үсен Сүлеймен 2021 жылғы 9 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қоюының және Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.


 



 «Жарлық пен Жоспар тәуелсіздік алған сәттен бастап елдегі жүйелі жұмыстың қорытындысы болды. Алайда, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі экономикамыздың өңірлік және әлемдік өлшемдердегі бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты – және бұл жерде адам құқықтарының дамыған жүйесі болмай іс алға баспайды», - деді Үсен Сүлеймен.



 


Осыған байланысты Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдірудің ел үшін аса маңызды тоғыз бағытын айқындады.



«Мемлекет басшысы бастаған жұмыстың табысты болуының көптеген факторларын атауға болады. Бірақ негізгі әрі шешуші фактор – ел азаматтарының құқықтарын қорғау саласында сағат сайын «микро» деңгейде жұмыс істейтін азаматтық қоғамымыздағы серіктестердің белсенділігі. Осы практиктер ғана Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің барлық әлсіз тұстарын көру арқылы оларды Қазақстанның қажеттіліктері мен міндеттеріне сәйкес келтіруге және теңестіруге көмектесе алады» - деп атап көрсетті Үсен Сүлеймен.



 


Осы орайда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.


Отырысқа қатысушылар өмір сүру, жеке басқа қол сұқпаушылық құқықтары, азаптаудан бостандық, сөз және өз пікірін білдіру бостандығы, бірлесу және бейбіт жиналыстар өткізу бостандығы, дін және сенім бостандығы, еркін жүріп-тұру бостандығы және мигранттардың, босқындар мен қамауға алынған адамдардың құқықтарын қоса алғанда Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің орындалу барысы жөніндегі Қазақстан Республикасының  баяндамасын қорғауға дайындық мәселелерін талқылады.


Кездесу соңында Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын орындау бойынша 2021 жылдың соңына дейін «АӨДА» ККО-ның қағидалары мен жұмыс жоспары қарастырылды.


Күн тәртібіндегі әрбір мәселеге қатысты пікірталастар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бұдан әрі өзара іс-қимылы бойынша нақты ұсыныстардың әзірленуін көздеп, ашық әрі сындарлы сипатқа ие болды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.