конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянд...

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Жаңа Конституция 01.07.2026, 19:58 268
Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді
видео кадры

Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайтудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін кеңейтудің жаңа кезеңін айқындайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің Негізгі Заңы күшіне енді. Ол қоғамның іргелі құндылықтарын айқындайды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негіздерін белгілейді және мемлекеттің одан әрі дамуының берік құқықтық тұғыры болып табылады.

Жаңа Конституцияның маңызды өзгерістерінің бірі – 15-бапта әркімнің мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянның өтелуіне құқығының бекітілуі.

Аталған кепілдіктің Конституцияда бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғаудың ең жоғары құқықтық деңгейде қосымша негізге ие болғанын білдіреді. Осылайша, зиянды өтеу құқығы заңнамалық кепілдік қана емес, адамның құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігіне айналды.

Әрбір азамат өзінің құқықтары мемлекеттің және оның өкілдерінің заңсыз шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі салдарынан бұзылған жағдайда, келтірілген зиянның өтелуіне сенім арта алады.

Бұған дейін мұндай зиянды өтеу мәселелері негізінен салалық заңнамамен реттелетін. Енді бұл кепілдік ең жоғары конституциялық мәртебеге ие болып, мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі әрі бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қосымша кепілдіктер береді.

Конституция маңызды қағидатты бекітеді: мемлекет адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, егер оның органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінен зиян келтірілсе, олардың бұзылуына да жауапты болады.

Аталған құқықтың конституциялық деңгейде бекітілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудың маңызды тетігіне айналып, адам құқықтарын қорғау мен мемлекеттің жауапкершілігі қазіргі заманғы құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);