ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу мәсе...

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу мәселесі талқыланды

Мәдениет 11.03.2022, 10:14 1,783
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу мәселесі талқыланды
Сурет: Elorda.info
Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр - Дәурен Абаев

Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр - Дәурен Абаев


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев шығармашылық және зиялы қауым өкілдерінің және республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің басты рәміздері еркіндікті бейнелейді және азаматтарымызға патриоттық рух береді. 30 жыл ішінде қоғамда мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениеті қалыптасты, енді оны қолдап және ілгерілету қажет», - деп атап өтті Дәурен Абаев.



Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл ретте, министр атап өткендей, негізгі назар іс-шаралардың саны мен көлеміне емес, олардың мән-мазмұны мен ұйымдастыру сапасына аударылатын болады. Атап айтқанда, ғылыми-практикалық конференциялар, мектептерде ашық сабақтар мен сынып сағаттарын, көрмелер және т.б. өткізу жоспарланған.


Дәурен Абаев іс-шаралар мен кампанияларға қатысудың мәжбүрлі тәртібін болдырмауға шақырды.



«Атқарылатын жұмыстың басты мақсаты – отандастарымыздың, әсіресе, жастардың Мемлекеттік рәміздер күнін жан-жүрегімен сезініп, мақтан тұтуына жағдай жасау – Президент айқындаған "Жаңа Қазақстанды" құру жолындағы маңызды қадам», - деді министр.



Кеңес барысында Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, ғалым Жамбыл Артықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов сөз сөйледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.