ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – қожа»...

Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – қожа» қойылымының премьерасы өтеді

Мәдениет 10.11.2025, 14:14 442
Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – қожа» қойылымының премьерасы өтеді
сурет: Мемлекеттік қуыршақ театрынан
Мемлекеттік қуыршақ театры Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған «Менің атым – Қожа» шығармасын тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде сахналап, көрермен назарына премьерасын ұсынады.

Мемлекеттік қуыршақ театры Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған «Менің атым – Қожа» шығармасын тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде сахналап, көрермен назарына премьерасын ұсынады.

Қазақ балалар әдебиетінің алтын қорынан ойып орын алған классикалық  туынды – ұлт руханиятының мәңгілік құндылықтарын дәріптейтін шығармалардың бірі. Халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған Қожа бейнесі сахна төрінде қуыршақ өнерінің тілімен жаңаша сипат алып, кішкентай көрерменнің жүрегіне жол тартпақ.

Қойылымның режиссері – Еркебұлан Қабдыл. Ол өз еңбегінде шығарманың басты идеясы балалықтың шынайы әлемін, өжеттігі мен аңғал тазалығын сақтай отырып, қазіргі заман баласына түсінікті әрі тартымды түрде жеткізуді мақсат еткен.

Инсценировка авторы Дамир Амантай көрерменге әдебиет пен театрдың түйіскен тұсында жаңа көркемдік шешім ұсынады. Оның драматургиялық нұсқасы Қожаның ішкі жан дүниесін, арман-қиялын және өмірге деген көзқарасын қуыршақ театрының поэтикасына үйлестіріп, шығарманың рухын терең ашады.

Қойылымның бейнелік әлемін қалыптастырған суретші Юлия Чернова балаларға таныс ауыл тіршілігін, мектеп өмірін және Қожаның еркін мінезін бейнелейтін сахналық кеңістік пен қуыршақ кейіпкерлерді көркем шешіммен ұсынды.

Музыкалық әрлеуді композитор Нұрсұлтан Төреәли орындаған. Оның әуендері оқиға желісін сезіммен өріп, Қожаның көңіл күйін әуез арқылы жеткізеді. Ал қойылымның би қимылдарын балетмейстер Ринат Билибаев сахна ырғағына үйлестіріп, көріністерге серпін мен ойындық сипат берді.

Мерейлі 90-шы маусымдағы өнер ордасының кезекті премьерасы – әдеби мұраны заманауи сахна өнері арқылы насихаттаудың бірегей үлгісі. Көрермен Қожаның күлкі мен қайшылыққа толы балалық әлеміне еніп, оның ой-санасының қалыптасу жолына куә болады.

Қойылым тек балаларға ғана емес, ата-аналар үшін де әсерлі болмақ, өйткені әрбір ересек көрермен өз балалық шағын, алғаш жасаған қателіктер мен арман-қиялдарын Қожаның бейнесінен қайта табады.

Алмат Амангелді, Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры: «Біз үшін Бердібек Соқпақбаевтың шығармасын қуыршақ театры сахнасына шығару – үлкен жауапкершілік. Бұл туынды әр буынның жүрегіне жол тапқан. Енді сол рухани мұраны қуыршақ өнері арқылы жаңғыртып, жас көрерменге жеткізу – біздің басты мақсатымыз».

Премьера күні мен уақыты: 13 қараша 2025 жыл, сағат 14:00

Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры (Пушкин к-сі, 63)

 

Гүлім КӨПБАЙҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.