ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Мемлекеттік қуыршақ театры үш бірдей фестивальге ж...

Мемлекеттік қуыршақ театры үш бірдей фестивальге жол тартпақ

Мәдениет 05.10.2021, 13:01 1,385
Мемлекеттік қуыршақ театры үш бірдей фестивальге жол тартпақ
almaty-akshamy.kz
Ересектерге арналған спектакльдер сахналаудағы тәжірибесі кәсіби мамандар тарапынан жоғары бағаланып келе жатқан театр ұжымы биылғы жылдың екінші жартысында қатарынан үш театр фестивалінде бақ...

Ересектерге арналған спектакльдер сахналаудағы тәжірибесі кәсіби мамандар тарапынан жоғары бағаланып келе жатқан театр ұжымы биылғы жылдың екінші жартысында қатарынан үш театр фестивалінде бақ сынамақшы.


Өнер ордасының басты мақсаты – балаларды ғана емес, ересектерді де тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнеріне қызықтыру. Ендеше, театр ұжымы сол миссиясын тек елімізде ғана емес, шетелде де дәріптеуді жолға қойып отыр. Қазақ қуыршақ өнерінің мүмкіндігін танытатын алғашқы өнер додасы Халықаралық сарапшылар мен театр сыншыларының басын қосатын «ТеArt – көкше» театр фестивалі болса, Қарағанды қаласында алғаш рет өткізілгелі отырған «Сын – шын болсын» республикалық театрлар фестивалінде де қуыршақ театры еліміздің бірнеше облыстарынан сарапталып алынған үздік қойылымдар қатарында бақ сынайды. Аталған өнер додаларына ересектерге арналған «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» (реж. А.Зайцев) және әлемдік классика «Ромео мен Джульетта» (реж. Д.Жұмабаева) қойылымдары қатысатын болады.



Оңтүстік астананың мәдени деңгейін одан әрі арттыру, қазақ өнерінің әлем кеңістігінде танылуына ықпал ету мақсатында театр ұжымы аттанатын Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлары фестивалінің де маңызы зор. Ағымдағы жылдың қазан айында салтанат құратын өнер бәйгесі Түркия мемлекеті, Анкара қаласында өтпек. Театр репертуарына биылғы жыл қосылған ересектерге арналған «Макбет.Иллюзия» (реж. Д.Жұмабаева) және балаларға арналған «Үйшік» (реж. А.Зайцев) қойылымдары ұсынылатын болады.



Естеріңізге сала кетейік, өнер додаларында бақ сынайтын ересектерге арналған спектакльдер әр жылы отандық және шетелдік театр фестивальдерінде кәсіби театр сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болып, қуыршақ театрының мүмкіндігін терең танытып келе жатқан көркем туындылар қатарында. Ендеше, құпиясы мол қуыршақ өнерінің кезекті сапары сәтті, мерейі үстем болғай!


    


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.