AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағалан...

Мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланбақ

Әлеумет 03.03.2022, 11:15 1,842
Мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланбақ
Сурет: Interfax.ru

Ақпараттық жұмыс сапасын дамыту міндеті тұр.


Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік мекемелердің жұмысын БАҚ арқылы бағалауды көздеп отыр. Ведомство басшысы Асқар Умаров министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жалпы, биыл да алдымызда мемлекеттің ақпараттық жұмыс сапасын, қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілетін одан әрі дамыту міндеті тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің ақпараттық жұмысының деңгейін айтарлықтай көтеру қажет. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелердің жұмысын БАҚ арқылы бағалау көзделіп отыр. Биыл БАҚ саласын дамытуды БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кеңінен талқыламақпыз. Бұл жұмыс Ақпарат саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспар шеңберінде жүргізіледі», - деді министр.



Сондай-ақ ол 2022-2023 жылдарға арналған журналистерді оқыту жөніндегі арнайы жоспары қолға алынатынын атады. Айтуынша, бұл медиа мамандардың біліктілігін дамытуға, халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.



«Қазақстандық интернет-сегментін дамыту биылғы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды, мультимедиялық контентті және онлайн-платформаларды дамыту қажет. Тұрғындардың медиа сауатын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп медиа және ақпараттық сауаттылық аптасын өткізуді жоспарладп отырмыз. Сонымен қатар, мемлекеттік телеарналарды жетілдірудің жаңа тәсілдерін әзірледік. Мәселен, биыл «24 KZ» мемлекеттік телеарнасы жаңа форматта жұмыс істеуді бастап отыр. Бұл мемлекеттің ақпарат саясатты тиімді әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс механизмдері жетілдірілетін болады», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #БАҚ #Ақпарат #СМИ #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);