Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік марапатқа ие болғандың басым бөлігі жұ...

Мемлекеттік марапатқа ие болғандың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарының өкілдері

Әлеумет 23.10.2024, 16:01 1,191
Мемлекеттік марапатқа ие болғандың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарының өкілдері
© Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың елге сіңірген еңбегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан жалпыұлттық құндылықтарымен толық үндеседі.

Біріншіден, мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың басым бөлігі, яғни 450-ден астам адам – жұмысшы мамандықтарының өкілдері, атап айтқанда шахтерлер, көлік қызметкерлері және басқа да өндіріс саласының мамандары. Сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі жүздеген жылдарды құрайтын еңбек династия өкілдеріне де айрықша мән берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын идеологияның маңызды бағыты ретінде дәріптеудің өзекті екеніне назар аударды.

Екіншіден, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған төрт адамның үшеуі ғылым мен білім саласының өкілдері екенін ерекше атап өту керек. Мұның бәрі ғылым мен білімді дамытуға, ғалымдар мен ұстаздардың мәртебесін көтеруге қатысты нақты іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп жатқан Президент саясатының бірізділігін көрсетеді. 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын насихаттауға бағытталғанын айғақтайды.

Үшіншіден, марапатталған азаматтардың арасында Сержан Шәкірат, Нұрлан Өнербай, Секен Тұрысбеков, Майра Мұхамедқызы, Самал Еслямова және т.б. сияқты өнер саласының майталмандары да аз емес. Сол арқылы Мемлекет басшысы ұлт руханиятын дамытудың және қоғамда жоғары мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын паш етті.

Президент Ұлттық құрылтайдың отырысында білім, ғылым және мәдениетті қазіргі қоғамның үштағаны деп атады. Жалпы, Президенттің Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистері нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат #жұмысшы #Ерлан Қарин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.