ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдерді...

Мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдердің мазмұны қатаң бақылануы тиіс

Не? Қайда? Қашан? 20.01.2023, 11:09 2,187
Мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдердің мазмұны қатаң бақылануы тиіс
Сурет: Qazaquni.kz
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.


Ол мәдениет саласын дамытуда киноиндустрияның әлеуеті зор екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Себебі, халық арасында тартымдылығына байланысты, кино – мемлекеттік мәдениет саясатын іске асырудың пәрменді құралы.



«Бізге киноның басты көрермені саналатын жастар арасында отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, отбасылық құндылықтарды, жауапкершілікті, салауатты өмір салтын, білім алуды насихаттайтын тартымды картиналар керек. Министрлік мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдердің осы талаптарға сәйкес болуын қатаң бақылауға алуы керек», - деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.



Сонымен қатар, ол басқа да коммерциялық жобалардың қоғамдық нормаларға қайшы болмауы министрліктің назарында болуы тиіс екенін тапсырды.



«Қазір көрермен талғамының өскенін байқап отырмыз. Сондықтан, фильмдерді көрермен пікірін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру механизмін ойластыру қажет. Бұл ретте фильмдер мониторингінің бірыңғай ақпараттық жүйесін іске қосу маңызды. Осы ақпараттық жүйе арқылы әрбір фильмнің прокатын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік туады. Мұндай ақпараттық жүйе кино саласының дамуына өте қажет. Бұл отандық кино нарығын дамытуға оң әсерін тигізетін болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.



Осы орайда, ол фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждау мәселесіне арнайы тоқталды.



«Министрлік үздік фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін қолға алуы тиіс. Жастар және балалар қызыға тамашалайтын фильмдердің қазақшалануы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге оң әсерін тигізетін болады. Жалпы, киноөндіріс саласын дамытуда тиісті қауымдыстықтармен бірлескен жұмысты жандандыру керек. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясын қазіргі заманға сай модернизациялауды тапсырды. Бұл бағытта нақты жоспарлар жасалған, оны тағы да пысықтап, тиянақты іске асыруды сұраймын», - деді Алтай Көлгінов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.