AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері болашақта ау...

Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері болашақта аукционға шығарылады

Әлеумет 11.01.2023, 05:09 1,273
Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері болашақта аукционға шығарылады
Сурет: 24.kz

Мұндай қадам  инвестиция тарту үшін жасалмақ.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жер қойнауын игеру және осы салаға инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі таңда көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған 304 келісімшарт бар. 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция сомасы 5,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылы аукционда 39 млрд теңге қол қою бонусы төленіп, 49 жер қойнауы учаскесі берілді. Геологиялық барлауға мәлімделген инвестиция сомасы шамамен 56 млрд теңге болды», - деді Болат Ақшолақов.



Оның атап өтуінше, жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелерін тексеру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.



«Мұнай-газ саласында жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарттың 12-сі бұзылды. 9 келісімшарт бойынша 1,5 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот талап-арыздары жіберілді. Екі келісімшарт бойынша жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері болашақта инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер учаскелері #аукцион #мемлекетке қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);