AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов 80...

Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов 80 жаста

Кітап - көңіл кілті 30.05.2025, 15:18 1,091 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов 80 жаста
aqshamnews.kz

Қазақстан республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер-журналист, саясаткер Қуаныш Сұлтанов 80 жасқа келді. Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қазақтың Қонаевы», «Отыз жылдағы ой-толғау» атты екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, саясаткерлер, мәдениет пен өнер өкілдері қатысты. 
Жиынға қатысушылар сексеннің сеңгіріне мемлекет пен қоғам алдында биік абыроймен жеткен Қуаныш Сұлтанұлының жүріп өткен өмір жолынан естеліктер айтып, әр кезеңдегі қызметтері жайында ой өрбітті. 

– Қакең қазақтың сүйікті перзенті Димаш Ахметұлымен бірге қызмет істеді. Тәуелсіздіктен бері ел тірлігіне елеулі үлес қосып келеді. Алғашқы ақпарат министрі, Қытайда елші, Сенатор, Мәжіліс депутаты және түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Қайда жүрсе де ұлтқа қызмет қылды, – деді ақын Нұрлан Оразалин.

Алқалы жиын ортасында Д.Қонаев атындағы қоғамдық қор мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа "Қонаев орденін" табыстады.  

Тұсауы кесіліп, көпшілік оқырманға жол тартқан кітап жайында Д.Қонаев қоры басшысы Елдар Қонаев өз пікірін де ортаға салды: 

– Кітапты оқып, қайран қалдым. Әсіресе Кеңестік Қазақстан басшысы Димаш Ахметұлының жүріп өткен өткелдері, қиын уақыттары анық жазылған. Сол дәуірдің бәрін көзімен көріп, ішінде болды. Тәуелсіздікке дейін, кейін де өте жауапты қызметтерде болды , – деді қоғамдық қор жетекшісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қаламгер #журналист #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);