AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының ба...

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Саясат 29.09.2026, 17:15 202
Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады
Сурет: akorda.kz

Германия, Берлин қаласы

 

Германияға ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Wilo Group халықаралық технологиялық компаниялар тобының жетекшісі Оливер Гермеспен кездесті.

Концерн сорғылар шығарады, сондай-ақ тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндіріс ғимараттарына арналған энергия үнемдеуші шешімдер ұсынады.

Президент Wilo компаниясын Қазақстанда жергілікті өндірісті дамытқан неміс бизнесінің жарқын үлгісі деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Алматы облысындағы өндіріс кешеніне инвестиция салу, сондай-ақ елімізді Орталық Азия нарығына шығатын алаң ретінде пайдалану туралы шешімін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысының пікірінше, ендігі қадам локализацияны тереңдету болуға тиіс. Яғни, Қазақстанда шығарылатын бөлшектер үлесін арттыруға, инженерлік және сервистік әлеуетті дамытуға, отандық жеткізушілер қатарын көбейтуге мән берген жөн.

Бұл ретте Президент концерннің Алатау қаласында сорғы құрылғысына маманданған өңірлік сервис және инженерлік орталығын ашу жоспарын құптады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз Wilo компаниясының отандық инжиниринг кәсіпорындарымен, университеттермен және техникалық мамандармен ынтымақтастығына мүдделі. Оның аясында кадр даярлау, сервистік қызмет көрсету және цифрлық өндірістің озық тәжірибесін енгізу бағыттарын  ілгерілетуге болады. 

Оливер Гермес концерн жобаларына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, сондай-ақ елімізбен серіктестік аясын кеңейту жоспарын таныстырды. Неміс кәсіпкері Қазақстанның Wilo үшін Орталық Азиядағы өңірлік хабқа айналғанын атап өтті.

 

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);