AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ерд...

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Саясат 12.11.2024, 20:08 1,068 Nursok82
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті
Ақорда

Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Президентімен Баку төрінде кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісімге 30 жыл толғанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

– Қазір де бауырластық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Саяси деңгейде сындарлы диалог бар. Үкіметтеріміздің ықпалдастығы артып келеді. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық 6 миллиард долларға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Түркияның Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған негізгі инвесторлардың қатарында екеніне назар аударып, түрік бизнесмендерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жеке бақылауында болатынын мәлімдеді. Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатта дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыру үшін мол әлеует бар екенін айтты.

– Қадірлі бауырым, келесі жылы Анкарада өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы барысында ауыл шаруашылығы, қорғаныс, энергетика, көлік-логистика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз Қазақстанмен арадағы сауда айналымын 15 миллиард долларға дейін арттыруға ұмтыламыз, – деді Түркия Президенті.

Бұл ретте Режеп Тайип Ердоған түрік компаниялары Қазақстан экономикасының әртүрлі секторында табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, түрік бизнесмендері Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін игеру, АЭС салу және мұнай-газ тасымалы бағытында тәжірибе бөлісіп, өзара тиімді серіктестік құруға дайын.

Бұдан бөлек мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында бір-біріне қолдау көрсету жөнінде уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Режеп Тайип Ердоған #президент #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);