AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қим...

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады

Саясат 15.02.2022, 09:34 1,779
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке агенттіктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен тексеріліп жатқан қылмыстық істер туралы баяндалды


Марат Ахметжанов Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазір Парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілерді қорғау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл норма мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік орган тартылатыны туралы мәлімет берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралардың толық атқарылуы бойынша әр ведомствода жауапты адамдар бекітіледі.


Мемлекет басшысы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін ұсынылған тәсілдерді қолдап, агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Президент бұл жұмысты ерекше бақылауға алды.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, қылмыс тәсілдерін әшкерелеуге және жемқорларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #қылмыстық істер #тұжырымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);