AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мемлекет басшысы Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэ...

Мемлекет басшысы Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады

Ресми бөлім 25.09.2026, 15:32 225
Мемлекет басшысы Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы, Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы іскерлік ортаның 500-ден астам өкілі, соның ішінде 300-ге жуық қытай кәсіпкерлері бас қосқан Алматыдағы «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ұйымдастыруға Цай Гуаньшэньнің қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент форумды екі елдің мемлекеттік органдары, қаржы институттары мен бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнататын тұрақты алаңға айналдыру маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, негізгі міндет – қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, инвестициялық ықпалдастықты кеңейту және бірлескен жаңа өндіріс орындарын құру.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. Бұл ретте Президент Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасына форумның басты институционалдық серіктестерінің бірі болуды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Гонконгпен ынтымақтастықты Қытаймен сан қырлы қарым-қатынастың маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын айтты.

Цай Гуаньшэнь Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу бастамасына қолдау білдірді. Сондай-ақ өз тарапынан іс-шараны ұйымдастыру ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қытай бизнесі Қазақстанның инвестициялық келешегіне толық сенім артатынын және тың бағыттарда жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, қаржы инфрақұрылымы, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ Alatau City жобасына қатысу ынтымақтастықтың перспективті салалары ретінде айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);