ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті...

Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді

Әлеумет 09.01.2022, 06:39 894
Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер министрінің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы тұлға баяндама жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.


Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды. Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда.



Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азаматтар да бар.


Жиында еліміздің барлық өңірлерінде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрін лаңкестерден тазартқаны туралы айтылды. Коммуналдық және тіршілікке қажетті басқа да нысандар қалпына келтіріліп жатыр.


Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.



Отырыс барысында Мемлекет басшысы тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.


Президент Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.