Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қорғауға...

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қорғауға қатысты бірқатар тапсырма берді

Әлеумет 20.02.2024, 09:44 1,145
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қорғауға қатысты бірқатар тапсырма берді
akorda.kz

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады




Президентке Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға жетті.


Сонымен қатар Марат Омаров Агенттіктің бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты.


Агенттік төрағасының айтуынша, бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе әзірленіп, іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараттық жүйесі, яғни деректер базасы әзірленіп жатыр. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізіледі.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровқа экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#бәсеке #даму #Омаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.