AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил...

Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Саясат 19.08.2021, 13:14 1,944
Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
Сурет: Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті


Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының өткізген келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.




«Кеше Сіздер өте мазмұнды, табысты келіссөздер жүргіздіңіздер. Екі мемлекеттің сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамығанын атап өткім келеді. Ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды келісімдерге қол қоюға дайындық жүріп жатыр. Пандемияға байланысты туындап отырған барлық қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда өткен 5 айдың ішінде 26 пайызға артты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Президент Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.



«Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Үкіметтеріміз арасындағы байланыстардың мазмұны терең. Бірлесіп жұмыс жасауға зор мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында өзара тауар айналымы үш есеге артты. Жылдың соңына дейін сауда айналымынан өте жоғары көрсеткіштер күтеміз және оған барлық мүмкіндіктер бар. Инвестициялық бағытта да өзара табысты жұмыс істеп жатырмыз. Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда. Қазақстандық әріптестеріміз де Ресейдің жобаларына белсенді атсалысып жатыр», – деді Михаил Мишустин.




Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресейдің пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару сияқты өзара іс-қимылдағы басым бағыттар туралы сөз болды.




Тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. Бұл қатынастарға осы күзде Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін береді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #басшы #кездесу #тараптар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);