Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон...

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Саясат Кеше 16:24 61
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті. 

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді. Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #Қырғызстан президенті #Телефонмен сөйлесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.