ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылық...

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Саясат 17.02.2022, 06:37 1,546
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясын реформалау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берілді

Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясын реформалау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берілді


Руслан Жақсылықов Президентке «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қарулы Күштер құрылымы мен құрамын жаңғырту және әскери дайындықты жетілдіру, цифрландыру ісін одан әрі жалғастыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде арнайы операциялар күштерін қалыптастыру аясындағы міндеттерді шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.


Бұдан бөлек Жоғарғы Бас қолбасшыға жеке құрамның жабдықталуына қатысты қазіргі ахуал, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы, материалдық-техникалық құралдардың қолда бар қоры жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара ықпалдаса отырып, әскерді техникалық тұрғыдан қайта жарақтау шараларын қабылдап жатыр.


Кездесу соңында Президент Қарулы Күштердің кешенді әрі жүйелі дамуын қамтамасыз етуге және олардың қажетті деңгейдегі әскери дайындығына қолдау көрсетуге, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.