AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқар...

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Саясат 16.10.2025, 12:03 531 dulatbekova
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Cурет: Akorda.kz

Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды.

Мейіржан Юсупов әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдай, атом энергетикасын дамыту үрдістері мен бағыттары, сондай-ақ компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарлары туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ол жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты уранға сұраныс тұрақты түрде өсуі мүмкін екенін айтты. Бұған қоса, жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемдік нарықта 2030 жылдан кейін уран тапшылығы сезілуі ықтимал. 

«Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау және еліміздің минералдық-шикізат базасын ұлғайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатқанын баяндады. Бұл Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылуда. Атап айтқанда, биыл екі жаңа учаскеде жұмыс басталған. Жалпы ауданы мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізілуде. 

Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, жасанды интеллект технологиясын енгізу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. 

2025 жылы қыркүйек айында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 миллиард доллардан асты. Компания акцияларының құны IPO-ға шыққалы бері 4,5 еседен аса өсті.

Президент ресурс базасын одан әрі дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ компанияның әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді атсалысуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);