AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің...

Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады

Саясат 23.01.2024, 10:27 1,235 Almaty-akshamy.kz. 
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qarmet» кәсіпорнының қазіргі жай-күйі, қалыпты жұмысқа көшу шаралары, сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайту, еңбек қауіпсіздігінің деңгейін көтеру жоспары туралы баяндалды.


Кездесу барысында Мемлекет басшысы кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық жағдайларды болдырмау мақсатында құрал-жабдықтар мен материалдық-техникалық базаны барынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу аса маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қазақстан Президентіне «Qarmet» компаниясының басшылығы металлургтер және көмір өндірушілер кәсіподағымен кездесу өткізгені туралы баяндалды. Онда еңбек шарты, ұжым үшін маңызды шешімдер қабылдауда өзара ықпалдастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланған. Кездесу қорытындысы бойынша компания мен қызметкерлер арасында болашақ ұжымдық шартты бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылған.


Андрей Лаврентьевтің айтуынша, «Qarmet» компаниясы өндіріс көлемін арттыру, Орталық Азия мен ТМД-да металлургия саласы бойынша көшбасшы кәсіпорындардың бірі ретіндегі мәртебесін 2028 жылға қарай қайтару жөнінде стратегиялық мақсат қойып отыр. Көзделген мақсаттарды іске асыру үшін жылына болат өндірісін 64 пайызға (5 миллион тоннаға дейін), темір кені концентратын 88 пайызға (5 миллион тоннаға дейін) және көмір өндіруді 47 пайызға (9 миллион тоннаға дейін) ұлғайту жоспарланған.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі экология мәселесіне ерекше назар аударып, жабдықтарды газға көшіру арқылы Теміртау қаласындағы экологиялық ахуалды сауықтыру үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Allur машина жасау кәсіпорны жұмысының нәтижесі мен даму жоспары туралы мәлімет берілді.


2023 жылы зауыт 90 мыңнан астам техника шығарды. Бұл – отандық машина жасау саласындағы рекордтық көрсеткіш. Биыл наурыз айында Chevrolet Оnix автомобильдерін ұсақ бөлшектерден құрастыру өндірісі іске қосылады. Škoda автомобильдері сериясын шығаруға арналған жабдықтар ретке келтіріліп жатыр. Қостанай қаласының индустриялық аймағында қуаты жылына 70 мың машина өндіруге жететін Kia Qazaqstan заманауи зауыты салынуда.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтіп, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын жалғастыруды, соның ішінде экологияны жақсартуға бағытталған жұмыстарға баса мән беруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#QARMET #кәсіпорын #металлургия #Allur машина жасау кәсіпорны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);