AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту...

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Қаржы 04.02.2025, 17:51 731 dulatbekova
Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын  қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа банк секторында тұрақтылық сақталып тұрғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2024 жылдың басынан бері банктердің активтері 19,7 пайызға, яғни 61,6 триллион теңгеге дейін өсті. Экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға немесе 33,8 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Банктердің жұмыс істемейтін активтері – 3,1 пайыздан төмен деңгейде.

Агенттік 21 банкке жыл сайынғы қадағалау-бағалау жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ 11 банктің активі сапалық тұрғыдан бағаланып, стресс-тестілеу жүргізілді. Аталған шара банк жүйесі активтерінің 85 пайызын қамтыды. Бұған қоса, 400 миллиард теңге көлемінде мемлекеттің қолдау қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылды.

Мәдина Әбілқасымова стрестік активтер нарығын дамытуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданып, осы тектес активтерді сатуға арналған алғашқы цифрлық платформа іске қосылғанын айтты.

Бәсекелестікті күшейту үшін банк секторына Оңтүстік Кореядан, Қатар Мемлекетінен және Біріккен Араб Әмірліктерінен шетелдік банктер тартылды.

Мемлекет басшысына нақты сектор мен бизнес субъектілерін несиелеу туралы мәлімет берілді. 2024 жылы бизнеске берілген кредиттер 16,3 пайызға немесе 13,1 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Бұл ретте бизнеске 18,2 триллион теңге сомасына жаңа займдар берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы маусымда кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бағытында заң қабылданды. Сонымен қатар 614 мың азаматтың 210 миллиард теңге сомасындағы проблемалық берешегі қайта құрылымдалды, ішінара немесе толық кешірілді.

Агенттік төрағасы азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында заңнамалық түзетулердің жаңа топтамасы әзірленгенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына сақтандыру нарығын цифрландыру нәтижесі таныстырылды. Азаматтардың тұрғын үйлерін апат тәуекелдерінен міндетті сақтандыру моделі әзірленді. Кредиттік рейтинг агенттіктері туралы, Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заң жобалары дайындалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейту, қаржылық қызметтерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #қаржы #төраға #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);