AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы мектеп жетіспеушілі...

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды

Әлеумет 07.11.2022, 08:01 1,437
Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды
Сурет: 24.kz

Маңғыстау облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек.


Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі заманда әр азаматтың және тұтас елдің табысты болуына ілім мен білім мол мүмкіндік береді. Сондықтан, білім инфрақұрылымын дамыту және оның сапасын арттыру еліміз үшін басты басымдық болып отыр.


Ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ісінің қолжетімді болуына назар аудару қажет. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек.


Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.



Ол аймақтағы орта білім беру саласындағы жағдайдың да мәз еместігін де жеткізді. Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады.



«Бірақ, бұл да жеткіліксіз. Облыс әкімдігі үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуге тиіс. Бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті тәжірибе бар. Соңғы екі жылда аймақта 19 жекеменшік мектеп ашылған. Облыста қала мен ауыл, Ақтау мен Жаңаөзен мектептері арасында білім сапасы бойынша орасан зор алшақтық бар. Бұған жол беруге болмайды.


Білім деңгейі әр баланың тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Ал, біз барлық оқушыға бірдей сапалы білім беруіміз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Мен бұған баса мән беремін», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Орын тапшылығы #Президент тапсырмасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);