AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Махмұд әл-Хаббашты қабылдады

Мемлекет басшысы Махмұд әл-Хаббашты қабылдады

Саясат 02.12.2025, 16:42 419 dulatbekova
Мемлекет басшысы Махмұд әл-Хаббашты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады. 

Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді.

Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина Президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);