AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комите...

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Саясат 15.05.2024, 15:49 813 dulatbekova
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады
Сурет: Gov.kz


Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLAAS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр.

Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құру жөнінде ұсыныс айтқанын еске салды. Президенттің пікірінше, бұл орталық еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша толық пайдалануға, инновациялық технологияларды енгізуге және оларды коммерцияландыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық әлеуетін дамытуға CLAAS зауытының қосқан үлесін жоғары бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #Германия #басқарма төрағасы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);