ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урс...

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті

Саясат 03.04.2025, 19:44 631
Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті
akorda.kz
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Әңгімелесу барысында...

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының экономиканың түрлі секторындағы, цифрландыру және инновация салаларындағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуропа Одағының сан қырлы ықпалдастығына негіз болып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығын одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады. Бұл – энергетика, ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, көлік-логистика желілерін кеңейту, сондай-ақ цифрлық инновация, озық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы серіктестік.

Урсула фон дер Ляйен көлік-логистика саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді жобаларды іске асырудың маңызына тоқталды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады.

Тараптар С5+ЕО аясындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.