ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабыл...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Саясат 12.09.2025, 14:32 783
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды.

Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынылды. Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Соның ішінде прокурорлар басқа да құқық қорғау органдарымен бірге тек есірткіге қарсы істер бойынша 15 миллиард теңгеге жуық активтерді қолға түсірген.

Бас прокурор Берік Асылов активтерді қайтару мәселесі туралы да айтты. Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек. Жаңа формат инвестицияға оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.