ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы ауқымды конституциялық реформаның...

Мемлекет басшысы ауқымды конституциялық реформаның басталғанын мәлімдеді

Әлеумет 20.01.2026, 13:50 146
Мемлекет басшысы ауқымды конституциялық реформаның басталғанын мәлімдеді
Сурет: Akorda.kz
Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаны одан әрі тереңдету жөнінде маңызды мәлімдеме жасады. Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа...

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаны одан әрі тереңдету жөнінде маңызды мәлімдеме жасады. Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабына өзгеріс енгізу жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер көлемі әлдеқайда ауқымды екені анықталған.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы конституциялық реформа кезінде Ата заңның 33 бабы жаңартылғанын еске салды. Ал алдағы өзгерістер бұдан да кең ауқымды болмақ.

– Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Конституциялық комиссия құрамына 100-ден астам азамат енеді. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары, қоғамдық кеңес өкілдері және өзге де білікті мамандар болады. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

Комиссия барлық ұсынысты жан-жақты сараптап, қорытып, нақты конституциялық өзгерістердің жобасын әзірлейді. Осыдан кейін жалпыхалықтық референдум өткізілетін уақыт белгіленбек.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстанда соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғанын атап өтті.

– 2022 жылғы конституциялық реформаға және Атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халқымыздың басым көпшілігі мені қолдады. Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралап қабылдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент үшін азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстардың бәрінен маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, халықтың қамы, ұлт пен мемлекеттің мүддесі – басты құндылық.

– Алдағы уақытта да елімізді дамытып, Тәуелсіздігімізді нығайту жолында бар күш-жігерімді саламын. Стратегиялық бағдарымды үнемі қолдап келе жатқан барша халыққа және осы залда отырған еліміздің лайықты азаматтарына шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.