Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде...

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда

Әлеумет 06.01.2025, 12:11 646
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Сурет: Gov.kz
 

Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,4 трлн теңге бөлініп, зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері айтарлықтай артты. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6 трлн теңгеге жетіп, 5 миллионнан астам адамды қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • Зейнетақы төлемдеріне – 3,8 трлн теңге;
  • Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларға – 614 млрд теңге;
  • Көпбалалы отбасыларды қолдауға – 472,9 млрд теңге қарастырылды.

Барлық әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар мен жәрдемақылар) республикалық бюджет шығыстарының 21,8 %-ын құрады.

2025 жылға жоспарлар:
Халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға 6 трлн теңге бөлінеді. Бұл көмектерді шамамен 5 миллион адам алады деп жоспарланған.

Зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерінің өсуі
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • Мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға өсті.
  • Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға артты, бұл инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.
  • Ең төмен базалық зейнетақы 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғарысы 120%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

2025 жылғы жәрдемақылардың ұлғаюы:

  • Бала туу жәрдемақысы:
    • 1, 2, 3 бала үшін – 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін;
    • 4 және одан көп бала үшін – 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін.
  • Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы:
    • 4 бала үшін – 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін;
    • 10 бала үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін.
  • Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы:
    • I топ – 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін;
    • II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін;
    • III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін.

Бұл өзгерістер азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #жәрдемақы #төлемдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.