AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен...

Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды

Білім және ғылым 24.09.2025, 12:02 538 dulatbekova
Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды
Сурет: Gov.kz
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
Бағдарламаның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру.
 
Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, жас ерекшелігін ескеру мен педагогикалық бақылауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интеллектінің шектеулері мен алгоритмдік бейтарап еместігінің ықтималдығын да түсіну қажет.
 
Қатысушыларға негізгі ЖИ-құзыреттер ұсынылады.
•Педагог үшін – сабақ мақсатына сәйкес құралдарды негізді таңдау, алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау, этикалық және қауіпсіздік нормаларын сақтау, әдістемелерді үнемі жетілдіріп отыру.
•Оқушы үшін – жасанды интеллектінің табиғаты мен шектеулерін түсіну, ұсынылған жауапты қабылдау, түзету немесе қабылдамау қабілеті, ықтимал бейтарап еместікті анықтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және пәнаралық жобаларға қатысу.
 
Оқыту материалдары ресми құжаттар негізінде әзірленді:
•«Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары»;
•«Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық».
 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізуді жалғастыруда. Академия мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп қана қоймай, оқушылардың заманауи технологияларды жауапты әрі саналы қолдану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектептер #Жасанды интеллект #жауапкершілікпен қолдану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);