ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Мектептер жаңа оқу жылында белгіленген мерзімде д...

"Мектептер жаңа оқу жылында белгіленген мерзімде дайын болуы керек" – Алматы әкімі

Алматы 04.07.2025, 12:21 727
"Мектептер жаңа оқу жылында белгіленген мерзімде дайын болуы керек" – Алматы әкімі
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігінде жаңа оқу жылына қаланың білім беру ұйымдарын дайындау жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етіп, басқармалар мен аудан әкімдері қатысты.

Алматы әкімдігінде жаңа оқу жылына қаланың білім беру ұйымдарын дайындау жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етіп, басқармалар мен аудан әкімдері қатысты. 

Басқосуды ашқан қала басшысы мектептер мен балабақшаларды уақытылы әрі сапалы дайындаудың басты міндет екенін айтты. 

Кеңесте қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов баяндама жасады. Оның айтуынша, Алматыда 1 696 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 050-і – балабақша, 348-і – мектеп, онда 565 мыңнан астам бала білім алып жатыр. 

Қазір "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 34,2 мың оқушыға арналған 20 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа мектеп ашылуға тиіс. Тағы алтауы тамыз айында аяқталады. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен 550 орындық бір мектеп салынып жатыр. 15 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, алтауы сейсмокүшейту арқылы қайта жаңартылып, 4 мектепте қосымша ғимарат тұрғызылып жатыр. 

Бірінші және оныншы сыныптарға қабылдау жоспарлы түрде жүріп жатырү Жаңа оқу жылында 26 099 бүлдіршін алғаш рет алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Бүгінде олардың 18 мыңнан астамы мектепке тіркеліп үлгерді. 9-сыныпты тәмамдаған 17 840 түлек 10-сыныпта оқуын жалғастырады. Бұл білімге деген сұраныстың жоғары екенін көрсететін оң көрсеткіш.

Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмады. Қала мектептерінде 21 мыңнан аса бейнебақылау камерасы, дабыл түймелері, кіруді бақылау жүйелері және өрт дабылдары орнатылған.

"Оқу орындарындағы қауіпсіздік ерекше бақылауда", – деді әкім.

Қосымша түрде маман даярлау, колледждерді цифрландыру және жаңғырту мәселесі қаралды. Біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында 2025 жылы 5 мыңнан астам педагог оқытудан өтті, оның ішінде 400-ден астамы шетелде білім алған. Тағылымдамалар нәтижесінде 117 жаңа білім беру бағдарламасы мен жобасы енгізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 85 мыңнан астам студент оқиды, олардың жартысынан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр. Колледждерді жаңғырту аясында жаңа корпустардың құрылысы, күрделі жөндеу және зертханаларды жабдықтау көзделген.

Жиын соңында Алматы әкімі Білім басқармасына барлық жұмысқа бақылауды күшейтуді және белгіленген кестенің қатаң сақталуын тапсырды.

"Әрбір нысан, мейлі ол жаңадан салынған мектеп болмаса жөндеуден өткен ғимарат болса да, уақытында әрі сапалы түрде тапсырылуы керек. Кешігу мен сылтауға жол жоқ. Біздің басты міндетіміз оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа оқу жылын лайықты деңгейде ұйымдастыру", – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.