ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мектептегі өзін-өзі басқару:  үздік сайлау жүйесі

Мектептегі өзін-өзі басқару:  үздік сайлау жүйесі

Әлеумет 07.02.2025, 13:09 1,204
Мектептегі өзін-өзі басқару:  үздік сайлау жүйесі
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов
Алматыдағы «Alem» инновациялық шығармашылық орталығында «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» ІІ қалалық байқауы ұйымдастырылды.

Алматыдағы «Alem» инновациялық шығармашылық орталығында «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» ІІ қалалық байқауы ұйымдастырылды.

 Байқау Алматы қаласы мәслихаты мен қалалық Білім басқармасының қолдауымен өткізілді. Дүниежүзілік сайлау күнін мереке­леу аясында өткен «Мектептегі өзін-өзі басқа­рудың үздік сайлау жүйесі» ІІ қалалық байқауы мектеп оқушыларының демократиялық про­цестерге қатысуын ынталандыруға, сондай-ақ өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағыт­талған.

Мақсат – өзін-өзі басқару жүйесі ең тиімді жұмыс істейтін мектепті анықтау. Сондай-ақ, оқушылардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесінің ерек­шеліктері бойынша құқықтық сауаттылығын және хабардарлығын арттыру.

Әділқазылар алқасы – Алматы қаласы ау­мақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ай­гүл Оразқызы, «Alatau Aqparat» медиахол­дингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мүшесі Бекнұр Қисықов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясының Алматы қаласы бойын­ша филиалының директоры Айнұр Маратқы­зы, мәслихат депутаты Асқар Қуандықұлы, «Алматы аманаты» дарынды балалар мен та­лантты жастарды анықтау және қолдау орталы­ғының әдіскері Анар Тойлыбаева, Сайлау жү­йесінің ардагері Құралай Күмісбаева.

2025 жылғы 21–30 қаңтар аралығында Алматы қаласының мектептерінен байқауға қатысу үшін 160 өтінім берілді, бұл жалпы мектептер санының 74,4%-ын құрайды (бар­лығы 215 мектеп). Байқауға 143 мектеп жұмыс ұсынды (өтінімдердің 89,4%-ы), ал байқауға 127 мектеп қатысты (өтінімдердің 79,4%-ы). Әр ауданның байқау жұмыстары көрсетіліп, ұжымдық өнер көрсету, қорытындылау және жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау шаралары ұйымдас­тырылды. Барлығы 127 мектептің 835 өзін-өзі басқару өкілі қатысты, бұл өткен жылмен са­лыстырғанда, 23 мектепке көп. 31 қаңтарда байқаудың аудандық кезеңдері өтті.

Байқаудың ақтық кезеңіне аудандық кезең­дерден жеңімпаз болған 8 мектеп өтті. Дәлірек, «Алатау ауданы: №204 жалпы білім беретін мектеп», «Алмалы ауданы: №96 жалпы білім беретін мектеп», «Әуезов ауданы: №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы», «Бостандық ауданы: №105 О.Жандосов атындағы гимназия», «Жетісу ауданы: №102 жалпы білім беретін мектеп», «Медеу ауданы: Ш.Уәлиханов атын­дағы №12 мамандандырылған гимназия», «Наурызбай ауданы: №200 мектеп-гимназия», «Түрксіб ауданы: №59 мектеп-гимназия».

Байқау жоғары дәрежеде өтті. Мектептегі өзін-өзі басқарудың ең тиімді сайлау жүйесі бар мектептер анықталды.

 

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

1-орын – «№200 мектеп-гимназия» КММ;

2-орын – «Жаңа ғасыр №175 гимна­зия» КММ; 

3-орын – «№102 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

 

 

Бекнұр КИСИКОВ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Отаншылдық,  патриоттық сезімге  тәрбиелейді 

Мұндай байқаулардың мән-ма­ңызы жоғары. Бұл жас өрендерді отаншылдық, патриоттық сезімге тәрбиелейді. Сондай-ақ, оқушылар мектептен бастап болашақ қоғамдық өмірге белсене араласуға дағдыланады. Халық­тың қалаулысы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Сон­дықтан ел игілігі жолында жа­лынды жастардың білімі, күш- жігері қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.