ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мектепте смартфон қолдануға тыйым салу ұсынылды

Мектепте смартфон қолдануға тыйым салу ұсынылды

Заң мен тəртіп 12.11.2025, 14:59 362
Мектепте смартфон қолдануға тыйым салу ұсынылды
depositphotos.com
Жасанды интеллект министрлігі мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға қарсы. Бұл туралы вице-министр Дмитрий Мун Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің сұрағына берген жауабында айтты, - деп...

Жасанды интеллект министрлігі мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға қарсы. Бұл туралы вице-министр Дмитрий Мун Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің сұрағына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Қазақстанда 5-6 жастағы балалардың өзі TikTok пен Instagram-да ата-ананың растауынсыз-ақ тіркеле алады. Ал басқа мемлекеттерде жас шектеуін енгізген заңдар қабылданып жатыр. Мысалы, Данияда, Аустралияда әлеуметтік желіге тіркелуге құқық беретін жас - 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбританияда, Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты, растауы керек. Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігінің осы мәселедегі ұстанымы қандай? Мектептерде смартфон қолдануға мемлекеттік ұстаным бар ма? Англия, Нидерланд сияқты әлемнің 40 пайыздан астам мемлекеттерінде тыйым салу туралы шешім қабылдады. Біздегі кейбір алдыңғы қатардағы мектептер де осы тәжірибені енгізіп, нәтижесінде балалардың үлгерімі артты. Цифрлық кодекс аясында осы мәселені қалай реттеуге болады", - деп сұрады Асхат Аймағамбетов.

Жасанды интеллект министрінің орынбасары Дмитрий Мун әлем балалардың әлеуметтік желіде тіркелуін жаппай тыйым салу арқылы емес, олар тұтынатын мазмұнды екшеп ұсыну арқылы реттеп жатқанын айтты.

"Әлеуметтік желілерде ата-ананың бақылауынсыз тіркелуге қатысты айтсақ, қазір әлем керісінше әлеуметтік желіге қол жеткізудің түрлі жолдарын ұсыну жағына жылжып жатыр. Бірақ белгілі бір жас шектеулері, мазмұнды екшеп ұсыну тәжірибесі бар. Балалардың заман ағымынан, технологиядан кенже қалмай дамуына да басымдық беріліп отыр. Сондықтан бізде де осындай форматта жұмыс жүргізіледі", - деді вице-министр.

Ал Цифрлық кодекс аясында мектепте смартфон қолдануға тыйым салу көзделмеген.

"Біздің министрліктің ұстанымы - жас ұрпақты заман ағымынан кейін қалу тәуекелінен қорғай отырып, жұмыста интернет мүмкіндіктерін, жасанды интеллектіні пайдалануды үйрету қажет", - деді Дмитрий Мун.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.