AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді»

«Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді»

Әлеумет 23.09.2024, 08:32 2,225 Bakyt
«Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді»
Сурет: интернеттен
 

бұрынғы білім министрі бала құқықтары жөніндегі омбудсменнің бастамасын қолдады.

Сөз Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ұсынған әр мектепке кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторды қайта енгізу туралы ұсыныс жайлы болып отыр.

Омбудсменнің айтуынша, бұрын әр оқу орнында өз инспекторы болған, және бұл оң нәтиже берген. Алайда кейінірек инспекторлардың басым бөлігі учаскелік бөлімшелерге ауыстырылған.

Оның пікірінше, психологтардан немесе оқушылардан жедел ақпарат алу, ішкі тергеулер жүргізу және уақытында шара қолдану үшін кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор мектепте үнемі болуы қажет.

«Осыған байланысты әр мектепке кәмелетке толмағандар ісі бойынша жеке инспекторды бекіту немесе өңірлерге қажеттілікке қарай ИДН (кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар) қызметкерлерінің санын арттыру мүмкіндігін беру керек, мұны жергілікті бюджеттерден қаржыландыру қажет», — деді ол.

Динара Закиева ұсынған бұл бастамаға бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз пікірін білдірді.

«Бұл ІІМ тарапынан қате шешім болғанын мойындау керек. Мәселе бірнеше рет түрлі деңгейде көтерілді, және біздің ұстанымымыз әрдайым өзгеріссіз болды — мектеп инспекторларын алып тастауға болмайтын еді. Оларды жиі түрлі іс-шараларға, рейдтерге жұмылдырғанына қарамастан, олардың мектептегі қатысуы айтарлықтай нәтиже берген», — деп жазды ол өз парақшасында (https://t.me/aimagambetov/1019).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асхат Аймағамбетов #Динара Закиева #инспекторлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);