AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық қызмет QR-код арқылы көрсетілетін бол...

Медициналық қызмет QR-код арқылы көрсетілетін болады

Медицина 14.11.2023, 06:21 1,842
Медициналық қызмет QR-код арқылы  көрсетілетін болады
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.


Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.



Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.



Пациент  емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды.



Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.


Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі «тіркеулерді»  алып тастауға мүмкіндік береді.


Өз кезегінде, медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады.



Пилоттық жобаны енгізуге дайындық барысында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілгенін атап өткен жөн. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша пациенттердің 50%-ы дәрігерге баруды растау үшін QR кодты енгізу идеясына оң көзқараспен қарайды және 48%-ы QR-растау арқылы қабылдауларын бақылағысы келеді, бұл пациенттердің оң көзқарасы мен жаңа құралды енгізуге дайындығын көрсетеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #медицина #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);