AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық жылжымалы кешендер 1,8 млн адамға екпе...

Медициналық жылжымалы кешендер 1,8 млн адамға екпе салды

Медицина 19.05.2022, 10:35 1,735
Медициналық жылжымалы кешендер 1,8 млн адамға екпе салды
Сурет: Kursiv.media

149 жылжымалы медициналық кешен ауылдарға шығып жатыр.


Медициналық жылжымалы кешендер еліміздің 1,8 млн тұрғынын вакцинациялады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирус инфекциясымен байланысты жаһандық өзгерістер аясында күрделі ауыртпалыққа шыдас беріп, біршама сапалы өзгерістерді бастан кешірді. Мәселен, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары жанынан шамамен 3 мың мобильді бригада құрылды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған паценттерге көмек көрсетуде тиімділігін көрсетті. Осы тәжірибе жетілдіріп, дамытылып жатыр. Бүгінде көліктегі медицина шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына медициналық көмекті қамтамасыз етіп отыр. Атап айтқанда, 149 жылжымалы медициналық кешен ауылдарға шығып, халықтың мақсатты топтарына скринингтік зерттеулер жүргізеді. Бейінді мамандар кеңес беру үшін қабылдайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында. 



Оның дерегінше, өткен жылы жылжымалы медициналық кешендер халықты вакцинациялау жұмысын жүргізді. Шалғайдағы елдімекендердің шамамен 1,8 млн тұрғынына коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады. 



«Жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс қорытындысында созылмалы аурулары бар тұлғалар анықталып, бақылауға алынды. Биыл да кешендер бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Осы жылыдң 1-тоқсанында 300 мыңнан астам тұрғыны бар 550 елді мекенге қызмет көрсетілді. 118 мың диагностикалық, 57 мыңнан астам зертханалық зерттеу жасалды. Шамамен 16 мың науқас анықталып, оның 3 мыңға жуығы бақылауға алынды», - деді Гүлнар Сәрсенбаева. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#екпе #вакцина #Қазақстан #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);