ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткені үшін...

Медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Әлеумет 23.08.2024, 17:36 2,107
Медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
видеодан скрин
Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін орындау барысында медицина қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасауына байланысты медицина мамандарының қызметіне кедергі келтіріп, оларға...

Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін орындау барысында медицина қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасауына байланысты медицина мамандарының қызметіне кедергі келтіріп, оларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2019 жылдан бері медицина мамандарына 161 рет шабуыл жасау фактілері тіркелді. Ал биыл мамыр айында Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне оны шақырған адамдар қол көтеріп, пәтерінде қамаған. Қарағандыда қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел жәрдем қызметкерін аяусыз ұрып-соққан. Теміртауда да жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеп, тоналған.

Дәрігерлерді қорғауды күшейту мақсатында министрлік медицина мамандарының кәсіби қызметіне кедергі келтіргені және оларға қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуге бастама көтерді. Сол үшін 2024 жылдың 12 сәуірінде денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар бекітілді.

Бас прокуратурамен бірлесе Қылмыстық кодекске өзгерістер әзірленді, онда медицина мамандарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске "Медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру" және "Медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету" деген жаңа баптар енгізу ұсынылуда.

Бұл қадамдар медицина қызметкерлерін қорғауға және қауіпсіз жұмыс орнын құруға бағытталған, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.