ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Медеу ауданында 2025 жылы шамамен 3,5 мың жаңа оқу...

Медеу ауданында 2025 жылы шамамен 3,5 мың жаңа оқушы орны пайда болады

Алматы 12.11.2025, 16:14 366
Медеу ауданында 2025 жылы шамамен 3,5 мың жаңа оқушы орны пайда болады
Алматы әкімдігі
Биыл Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құру және жұмыс істеп тұрған мектептердің жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Соңғы жылдары аудан мектептерінде 4 368 оқушы орны...

Биыл Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құру және жұмыс істеп тұрған мектептердің жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Соңғы жылдары аудан мектептерінде 4 368 оқушы орны жетіспеген. Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл мәселені шешу аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Биыл №220 мектептің 2 000 орынға арналған жаңа ғимараты, Назарбаев Зияткерлік мектебіне 320 орындық қосымша нысан және 599 орындық «Joo School Medeu» жекеменшік мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, №99 (250 орын) және №35 (300 орын) мектептеріне қосымша ғимараттар салу жұмыстары аяқталуға жақын. Осылайша, биыл аудан бойынша 3 469 жаңа оқушы орны ашылады.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін тағы бес жоба жүзеге асырылмақ: №30, №56 және №17 мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу, №131 мектеп-лицейін 300 орынға салу және 1 200 орындық «MG City» білім беру кешенін тұрғызу жоспарланған. Сондай-ақ, №168 және №47 мектептерге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, олардың әрқайсысы 300 орынға есептелген.

Осылайша, Медеу ауданы оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен шешіп, балалардың заманауи мектептерде жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.