AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы түзетулер...

Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Заң мен тəртіп 01.04.2026, 11:01 229 Сұлу
Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжілістің баспасөз қызметі

2026 жылғы 1 сәуірде Мәжіліс депутаттары арнайы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заң жобасы аясында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын күшейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, экстремизмнің туындауына және таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерттеу және жою қарсы іс-қимыл міндеттерінің қатарына енгізілмек.

Сондай-ақ құжатта экстремистік және террористік материалдарды сақтауға тыйым салу нормасы қарастырылған. Бұл бастама елдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жалпы заң жобасы арнайы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, құқықтық олқылықтарды жоюға және ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған. Сонымен бірге мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейінің төмендеуі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатердің бірі ретінде заңнамалық деңгейде бекітілмек.

Бұдан бөлек, жоба арнайы органдардың жедел бөлімдеріне қызметке қабылдау кезіндегі жас шектеуін алып тастауды және әскери, арнайы оқу орындарында оқуға жұмсалған мемлекет шығындарын белгілі бір жағдайда жеңілдетілген тәртіппен өндіруді көздейді.

Депутаттар осыған ілеспе заң жобасын да бірінші оқылымда қолдады. Онда мемлекеттік құпияларды қорғау талаптарын қайта бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту және Мемлекеттік күзет қызметіне қосымша өкілеттіктер беру қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #экстремизм #терроризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);