AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея елшісімен кездесті

Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея елшісімен кездесті

Билік 09.03.2022, 12:19 1,819
Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея елшісімен кездесті
Сурет: Іnform.kz

ҚР Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг-сокпен кездесті


Кездесуде тараптар екі елдің басшылығы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдарда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың аясы кеңейіп, стратегиялық серіктестікке жалғасқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәулен Әшімбаев қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда қолға алынған маңызды жаңғыртуларға тоқталды. Сенат Спикері қазіргі таңда ел азаматтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын кеңінен талқылап жатқанын айтты.



«Бүгінде Сенат жұмысының негізгі бағыттарының бірі - ел Президентінің жаңғыру бағдарын заңнамалық тұрғыдан қолдау. Қолға алынған реформаларды іске асыру кезінде әлеуметтік теңсіздік пен кедейлікке қарсы күрес және саяси жүйені одан әрі демократияландыру аса маңызды басымдықтар болып белгіленді. Жаңа күн тәртібінде де экономикалық реформалардың маңызы зор. Сенаторлар бұл жұмыстардың табысты іске асырылуы үшін қажетті заңдарды жедел қабылдауға дайын», – деді Мәулен Әшімбаев.




Өз кезегінде Елші Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ресми Сеул Қазақстанның елде әлеуметтік теңсіздікті және кедейлікті төмендетуге арналған бағыт-бағдарын толық қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар сұхбаттасушылар Украинадағы оқиғаларға назар аударды. Екі тарап та жағдайды бейбіт жолмен шешудің маңызды екеніне басымдық берді. Мәулен Әшімбаев, бұған дейін Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсетуге және келіссөздер жүргізу үшін араағайындық танытуға дайын екенін тілге тиек етті. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға және өзара іс-қимылды кең ауқымда жүргізуге екі ел де мүдделі екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея #елші #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);