Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мәулен Әшімбаев: 10 сотық жер алуға әр азамат құқы...

Мәулен Әшімбаев: 10 сотық жер алуға әр азамат құқылы

Әлеумет 21.04.2022, 16:00 1,688
Мәулен Әшімбаев: 10 сотық жер алуға әр азамат құқылы
Сурет: Depti.kz

Коммуникация желілерін тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер телімін таратуда еш қиындық болмайды.


Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер палата төрағасынан қазақстандықтардың 10 сотық жерді алуға белсенді түрде құжат тапсыруына қатысты сұрақ қойды.



«Жеке өз басым жер теліміне өтінім берген жоқпын. Атап айтқанда, жер учаскесіне өтінім беруге әр азамат құқылы. Негізі, елімізде жер баршылық, бұл тұрғыда адамдарға дұрыс түсіндіру керек. Қазақстан аумағы ауқымды, территория жеткілікті, 10 сотық телімнен Қазақстан азаматтарына таратуға болады. Менің ойымша, біз осыған біртіндеп келеміз. Дегенмен бұл жер телімдеріне коммуникацияларды тарту мәселесі бар. Ол жерлерде жолдар, электр жарығы, су, кәріз жүйесі болғаны жөн», - деді М. Әшімбаев.



Осы орайда ол инженерлік желілерге қатысты мәселе бар екенін, бұл бағыттағы тақырыптарды депутаттар көтеріп жүргенін айтты.



«Жыл сайын коммуникацияны тартуға тиісті қаражат бөлініп жатыр, бұл жұмыстар жалғаса береді. Сондықтан кезең-кезеңмен әкімдіктер, Үкімет аталған мәселелерді шешіп, біздің азаматтар қажетті жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына алады деп санаймын», -деді Сенат төрағасы.



Еске сала кетейік, қазақстандықтар енді жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін eGov.kz порталы арқылы кезекке тұра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.