AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / М.Әшімбаев: Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарап...

М.Әшімбаев: Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады

Білім және ғылым 15.10.2021, 07:02 1,688
М.Әшімбаев: Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады
Сурет: Кerbulaq.kz

Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады


Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Маңызды тұс – әлеуметтану саласында кадрларды дайындау. Бұл жерде де белгілі бір мәселелер бар. Толықтай алғанда, алдағы кезеңде мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артатын болады. Қазақстан Парламентінің Сенаты отандық әлеуметтану ғылымына ең алдымен заңнамалық қамтамасыз ету тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сенат сарапшылық қоғамдастықты дамытуға бағытталған жобаларды қолдайды. Конгресс аясында Жас әлеуметтанушылар форумы жұмыс істейтінін білеміз. Бұл біздің палатамызда жүргізетін жұмыстармен үндеседі», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.



Осы ретте Мәулен Әшімбаев Сенат жанында Жас сарапшылар клубы алаңы бар екендігін еске салды. Оның мақсаты түрлі салаларды дамыту үшін заңнаманы жетілдіру мен ұсыныстар әзірлеуге ссарапшылардың жаңа буынының әлеуетін жұмылдыру екендігін атап өтті.



«Бұған қоса, біз клуб бастамашылық жасаған жаңа қоғамдық жобаға – Сарапшылар мектебіне қолдау көрсетті. Мектептің мақсаты – мемлекеттік қызметте, академиялық ортада жұмыс істейтін жас мамандарға сарапшылық дағды қалыптастыруға көмектесу. Әлеуметтанушылар қауымдастығын осы жобада ынтымақтастыққа шақырамын», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #саясат #Ғылым #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);