AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Заң мен тəртіп 23.04.2026, 11:07 519
 Маркетплейс саудагерлеріне  де бақылау күшейтілді

Енді маркетплейстерде тауар сататын әр адам салық органдарына есеп беріп, жеке деректерін ұсынуға міндетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл ақпараттың ішінде тауар айналымы, жасалған мәмілелер саны, төлем көлемі және сатушыға аударылған қаражат көрсетіледі.

“Информбюро” жаңалықтар бағдарламасының хабарлауынша, мұндай жүйе арқылы жауапты органдар электронды саудадағы нақты кірістерді декларациядағы мәліметтермен салыстырып отырады. Егер сәйкессіздік анықталса, кәсіпкерлерге түсіндірме беру немесе қатені түзету туралы хабарлама жолданады.

“Заңбұзушылық туралы хабарлама жолданады. Осы хабарламаны 30 күнде орындайтын мүмкіндік беріледі. Егер бекітілген мерзімде жойылмаса, онда осындай кәсіпкерлерге қатысты салық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Салықтық тексеру болуы мүмкін немесе шот-фактурасына тыйым салынуы мүмкін. Немесе шоттарына бұғаттау қойылады”, – деді мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының міндетін атқарушы Ілияс Қаптағаев.

Бірақ онлайн саудамен айналысатын кәсіпкерлер бұл жаңашылдыққа қарсы. Олар бизнеске қысым көрсетілсе баға шарықтайды деп отыр.

Ал экономистердің пікірінше, жыл сайын онлайн саудамен айналысатын кәсіпкерлердің саны көбейіп жатыр. Бірақ соңғы жылдары салық төлеуден жалтарып, түрлі құйтырқылыққа баратындар аз емес. Сондықтан көлеңкелі экономиканы анықтауға бағытталған өзгеріс бюджетке үлкен кіріс әкеледі деген пікірде.

“Бұл жалпы әділеттіліктің де қалыптасуына қажет. Өйткені көбіне бізде заңды түрде тіркеліп, жұмыс істеп жатқан азаматтар салық төлеп, уақытында бәрін қадағалайды. Алайда кейбір маркетплейстер ешқандай да салықтық тіркеуден өтпестен табыс табады. Бұл сондай салықтық әділеттіліктің ауытқуына әкелетін фактор”, – деді экономист Бауыржан Ысқақов.

Қазақстанда 127 шетелдік маркетплейс тіркелген. Оның ішінде Apple, Amazon, Alibaba сынды алпауыттар да, жұмысын жаңа бастаған компаниялар да бар. Олар 2022 жылдан бастап экономикамызға 146 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маркетплейс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);